Головкин-Альварес кездесуі жылдың ең танымал жекпе-жектері тізіміне енді

12:06, 17 қазан 2017

Enca.com сайты 2017 жылдың ең танымал жекпе-жектерінің тізімін жариялады.

Бұл туралы Sports.kz хабарлады. Тізімге АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 16 қыркүйекте өткен қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек енгізілген. Бұдан тыс тізімнен орын алғандар қатарында: Энтони Джошуа - Владимир Кличко және Кит Турман - Дэнни Гарсия жекпе-жектері де бар. Сондай-ақ сайттың айтуынша, украиналық Василий Ломаченко мен кубалық Гильермо Ригондоның 9 желтоқсанда өтетін жекпе-жегі жанкүйерлер жадында көп сақталады деу қиын.

Еске сала кетсек, Головкин - «Канело» айқасында жеңімпаз анықталмаған болатын, енді тараптар 2018 жылғы 5 мамырда реванш өткізу жөнінде келіссөздерге кіріскен.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!