GGG америкалық ESPN рейтингінде топ жарды

08:45, 24 наурыз 2017

Үштікке америкалық Андре Уорд пен украиналық Василий Ломаченко енген. Америкалық ESPN.com спорт сайты барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың ішінде (P4P) әлем үздіктерінің рейтингін жариялады.

Тізімде бірінші орынды WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин алып тұр. 

Үштікке америкалық Андре Уорд пен украиналық Василий Ломаченко енген.

ESPN рейтингі:

1. Геннадий Головкин (37-0, 33 КО).

2. Андре Уорд (31-0, 15 КО).

3. Василий Ломаченко (7-1, 5 КО).

4. Сергей Ковалев (30-1-1, 26 КО).

5. Роман Гонсалес (46-1, 38 КО).

6. Теренс Кроуфорд (29-0, 20 КО).

7. Сауль Альварес (48-1-1, 34 КО).

8. Мэнни Пакьяо (59-6-2, 38 КО).

9. Кит Турман (28-0, 22 КО).

10. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО).

Еске салайық, Головкин 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты қазылар алқасының шешімімен жеңген еді. Қазақстандық кәсіпқой бокста тұңғыш рет 12 раундқа созылған жекпе-жек өткізді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!