Гаитилік футболшыны сатып алған жоқпыз – «Атырау» ФК

16:26, 5 ақпан 2021
14668

Жергілікті сайттардың бірінде жарық көрген "Атырау" футбол клубы 200 мың еуроға ойыншы сатып алды" деген ақпарат жалған", деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

 

"Расында да "Атырау" сапына Гаити құрама командасының ойыншысы қосылды. Кристиан Алекс Джуниор командаға еркін агент ретінде келді. Яғни, ақысыз. "Атырау" футбол клубы бұл трансфер үшін қаражат шығындаған жоқ",- деді Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.

 

Еске сала кетелік, 27 жасар қорғаушы бұған дейін "Арарат – Армения" командасының сапында өнер көрсетіп, екі жыл қатарынан Армения чемпионы атанған.


 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!