Футболдан Қазақстан құрамасы Аргентинамен кездесуі мүмкін

Футболдан Қазақстан құрамасы биыл қарашада Аргентина футболшыларымен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін.
«Біз аргентиналықтармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Әрине, бұл – қиын әрі еңбекті талап ететін үрдіс. 14 қарашаға дейін де аз уақыт қалды. Қазіргі уақытта қаржы мәселесін шешу қажет. Жалпы соманың 40 пайызын Қазақстан футбол федерациясы өз мойнына алады, ал қалған 60 пайызды толтыру үшін потенциалды демеушілерді тарту көзделіп отыр. Лионель Месси, Серхио Агуэро, Анхель Ди Мария, Хавьер Маскерано және тағы басқа футбол жұлдыздары бастаған әлемдегі ең мықты командалардың бірі қазақстандық футбол тарихы үшін айтулы шара болары сөзсіз. Аргентиналықтар негізгі құрамды алып келуге дайын, тек қаржы мәселесінің шешілуін күтіп отыр», – деді Қазақстан футбол федерациясының спорттық директоры Игорь Утробин.
Еске салайық, 11 қарашада Аргентина құрамасы Мәскеуде Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Хорхе Сампаолидің шәкірттері Ресейде 2018 жылы 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтетін әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алған еді.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:20, 22 ақпан 2021
Қанат Ислам кезекті қарсыласын ұрып жықты
-
09:52, 19 ақпан 2021
Баскетбол: Қазақстан Шри-Ланканы 111:52 есебімен ойсыратта ұтты
-
09:37, 18 ақпан 2021
Чемпиондар лигасы: «Ювентус» соңғы минуттарда үмітін сақтап қалды
-
09:54, 17 ақпан 2021
Петропавл шенеуніктері зілтемірші Айдарды әбден жынды қылған
-
09:07, 17 ақпан 2021
Чемпиондар лигасы: 1/8 финалының алғашқы матчтары өтті
Пікір