Еуропаның ең үздік футболшылары

19:17, 16 мамыр 2017

Халықаралық спорт сараптама орталығы (CIES) Еуропадағы мәресіне жеткелі тұрған маусымның ең үздік футболшыларын жариялады. Үздік құрам ойыншылардың статистикалық көрсеткіштері бойынша түзілген.

Сарапшылар үздік құрамға осы маусымда 2 000 минуттан кем ойнамаған футболшыларды топтастырған. Оған Мюнхеннің «Бавария» командасынан 4 футболшы енген.

Қақпашы: Мануэль Нойер («Бавария»).

Қорғаушылар: Алекс Сандро («Ювентус»), Матс Хуммельс («Бавария»), Хави Мартинес («Бавария»), Бруно Перес («Рома»).

Жартылай қорғаушылар: Тиаго Алькантара («Бавария»), Поль Погба («Манчестер Юнайтед»), Наби Кейта («Лейпциг»).

Шабуылшылар: Криштиану Роналду («Реал»), Дрис Мертенс («Наполи»), Лионель Месси («Барселона»). 
 

Дереккөз: massaget.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!