Ертең мексикалық Варгаспен жұдырық түйістіретін Бекман Сойлыбаев үндеу жолдады

14:14, 19 қазан 2017
1024

«Хабар» арнасы өзінің туған күні қарсаңында бокс сүйер қауымға сый жасауды жөн көріп отыр.

АҚШ-тағы Лас Вегаста қазақ боксшысының қатысуымен өтетін айтулы жекпе-жек 20 қазан күні таңғы сағат 07:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.

Кәсіпқой бокста жеңілуді білмейтін Бекман Сойлыбаев екінші жартылай орта салмақта WBC International тұжырымы бойынша чемпион атағын қорғап қалу үшін мексикалық Фернандо Варгаспен жұдырықтасады. Бұл бокс кешін әлемге әйгілі Оскар Де Ла Хойя мен Golden Boy промоутерлік орталығы ұйымдастырып, ESPN арнасы арқылы төрткүл дүниеге жол тартатынын ескерсек, осы жекпе-жекке деген әлем жұртшылығының қызығушылығы сөзсіз. 

Осы ретте отандасымыз бүкіл қазақ еліне арнап, үндеу жолдады.

Еске сала кетсек, осыған дейін де Бекман Сойлыбаевтың бірнеше жекпе-жегі тікелей эфирде көрермен назарына ұсынылған еді. 

Ендеше 20 қазан жұма күні сағат 07:00-де «Хабар» арнасынан Бекман Сойлыбаев пен Фернандо Варгас арасындағы текітіресті тікелей эфирде тамашалап, жерлесімізге жанкүйер болайық!

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!