Энди Маррей Australian Open турнирінен шығып қалды

18:29, 22 қаңтар 2017

Энди Маррей Australian Open турнирінің төртінші айналымында Миша Зверевпен кездесіп ұтылып қалды.

3 сағат 36 минутқа созылған ойында әлемдік рейтингтің көшбасшысы неміс теннисшісіне 7:5, 5:7, 6:2, 6:4 есебімен есе жіберді. Миша Зверевтің келесі қарсыласы Роджер Федерер мен Кеи Нишикори арасындағы ойынның жеңімпазы болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін осы жарыстың басты фавориттерінің бірі Новак Джокович те өзбек теннисшісі Денис Истоминнен ұтылып, жарыстан шығып қалған.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!