Эммануэль Алим: Головкинмен қолғап түйістіруге дайынмын

09:02, 19 қаңтар 2017

Американдық боксшы Эммануэль Алим (17-0-1, 10 КО) ThaBoxingVoice басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жекке шығуға дайын екендігін хабарлады.

«Маған үлкен жекпе-жектер қажет. Головкинмен жекпе-жекке шыққым келеді. GGG ең мықтылардың бірі. Сондықтан  Головкинмен қолғап түйістіруге дайынмын. Мен мықтымын. Ең атақты спортшыларды жеңуге тәжірибем жетеді», – дейді Алим. 

Айта кетейік, Алим алтыншы раундта ешқашан жеңіліп көрмеген украиндық Евгений Хитровты нокаутқа түсіріп, WBC Silver дәрежесі бойынша Әлем чемпионы атанған. Енді ол WBC дәрежесі бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкинмен белдеспек.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!