Еліміздің бокстан әйелдер құрамасы Польшадан 6 медаль ұтып әкелді

21:59, 10 қыркүйек 2017

Польшаның Гливице қаласында бокстан әйелдер арасындағы ХІІ Силезия чемпионаты халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

Еуропадағы ірі әйелдер жарыстарының біріне Қазақстан атынан 13 спортшы қыз, соның ішінде ұлттық құраманың бетке ұстар спортшылары – екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай, Олимпиада жүлдегері Дариға Шәкімова, әлем чемпиондары Дина Жоламан, Ләззат Күнгейбаева және Валентина Хальзовалар қатысқан. Олар 19 елден 100-ден астам спортшы белдескен турнирде Еуропа және басқа құрлықтардың ең мықты боксшы қыздарымен жекпе-жекке шықты.  

5 күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Мадина Нұршаева (64 кг) алтын медаль иегері атанса, Назым Қызайбай (51 кг) финалда есе жіберіп, күміспен шектелді. Ал Фариза Шолтай, Ләззат Күнгейбаева, Мөлдір Базарбаева және Жайна Шекербековалар құрама қоржынына төрт қола медаль салды.

prosports

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!