Дзюдошылар Ержан Еренқайыпов пен Толғанай Әбеуова Исламиада-2025 жарысын жеңіспен бастады

16:46, 8 қараша 2025

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан құрамасының дзюдошылары Ержан Еренқайыпов пен Толғанай Әбеуова Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алғашқы белдесулерінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еренқайыпов 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нигер елінің өкілі Исмаэль Альхасаннан басым түсті.

Ал әйелдер арасында 52 келіге дейінгі салмақта Толғанай Әбеуова Қырғызстан спортшысы Сабина Кожомбердиевадан жеңісті жұлып алды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!