Дзюдошы Азима Серік Манамадағы жасөспірімдер Азиадасында қола жүлдегер атанды

20:15, 30 қазан 2025

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Азима Серік Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасында жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 63 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Азима шешуші белдесуде Анудари Энхтайваннан (Моңғолия) иппон әдісімен басым түсті. Осылайша ел қоржынына қола медальді салды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!