Дзюдошы Алуа Балтабай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды

21:30, 29 қазан 2025

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан құрамасы дзюдодан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Алуа Балтабай екінші орын алды.

Финалда отандасымыз ирандық Махши Шакибаимен белдесіп, қарсыласына жол берді.

Осылайша Балтабай Азия ойындарын күміс жүлдемен аяқтады.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!