Данияр Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралуы мүмкін
69 келі салмақта Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралуы мүмкін. Сондай-ақ Иван Дычко да "MJA Entertainment" промоутерлік компаниясымен келісімшартын бұзған, - деп жазады Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
Жыл басында Данияр Елеусінов пен Иван Дычко кәсіпқой боксқа ауысып, Майк Алтамура басқаратын австралиялық "MJA Entertainment" промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасаған еді. Бірақ компания келісімшарттағы келісімді орындамаған. Нәтижесінде қос боксшы промоутерлік компаниямен де, Майк Алтамурамен келісімшартты бұзған.
- Мен де, Данияр Елеусінов те "MJA Entertainment" промоутерлік компаниясымен де, Майк Алтамурамен де келісімшартты бұздық. Өйткені олар келісімшарт бойынша уәде еткен нәрселерін істеген жоқ. Кәсіпқой бокстан түскен басқа нұсқаларды әлі қарастырып жатқан жоқпын. Жуық арада мансабымды қалай жалғастыратыным туралы нақты шешім қабылдаймын. Әзірге нақты бір мақсатым жоқ" - дейді Дычко бұл мәселеге қатысты.
Айта кетейік, қаңтар айында белгілі болғандай Данияр Елеусінов пен Иван Дычко ақпан айында АҚШ-та жаттығу жұмыстарына кірісіп, мамыр айында Қытайда бірінші жекпе-жектерін өткізу керек еді. Ал шығынды толық промоутерлік компания өз мойынан алуы керек болған.
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:12, 15 маусым 2023
Александр Недовесов Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты
-
17:49, 9 қаңтар 2023
Месси мен Роналду бір-біріне қарсы ойнайды
-
23:49, 25 қараша 2022
Айдос Ербосынұлы қиын-қыстау сәтте өзіне тілекші болған баршаға сәлем жолдады
-
00:11, 4 қараша 2022
Ринат Жұмабаев шахматтан Азия чемпионы атанды
-
23:50, 3 қараша 2022
Бокстан АЧ-2022: Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды