«Црвена Звезда» «Қайратты» тас-талқан етіп ұтты

08:55, 29 шілде 2021
5674

© Сурет: fckairat.com

"Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі жауапты матчта сербиялық "Црвена Звезда" клубынан ұтылып қалды, деп хабарлайды zakon.kz Аладопқа сілтеме жасап.

Матч Белградтағы "Райко Митич" атындағы стадионда өтіп, 5:0 есебімен аяқталды.

Ойынның небәрі 9-минутында Александр Катай айып алаңның сыртынан алыс бұрышты дәл көздеп, командасын алға шығарды. 21-минутта Луи Дьони де алыстан жерлете соққы жасап, есепті еселеді. Ал 42-минутта Катай тікелей айып добынан гол соғып, дубль авторы атанды. Екінші тайм басталған тұста Камо Оганесян допты қарсыластарына беріп қойды. Қателікті сәтті пайдаланған Мирко Иванчич командасының төртінші голын соқты. 56-минутта Филиппо Фалько матчтың нүктесін қойды.

Қос матчтың қорытындысы бойынша (6:2) "Црвена Звезда" Чемпиондар Лигасының үшінші айналымына өтті. Ал Алматылық клуб енді Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде армениялық "Алашкерт" клубымен кездеседі.


 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!