Чемпиондар лигасы: 1/8 финалының алғашқы матчтары өтті

09:07, 17 ақпан 2021

Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы ойынында "Барселона" өз алаңында "Пари Сен-Жерменді" қабылдады. Кездесу Барселонадағы "Камп Ноу" стадионында өтіп, 4:1 есебімен париждік клубтың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz aladop.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесудің 27-минутында пенальтиді сәтті орындаған "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси есеп ашты. 5 минуттан кейін ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе есепті теңестірді. Ойынның, 65-минутында Мбаппе дубль жасады. 5 минуттан кейін шабуылшы Мойзе Кин Леандро Паредестің керемет пасынан кейін париждік клубтың үшінші голын соқты. Кездесудің аяқталуына 5 минут қалғанда Мбаппе хет-трик жасап, матчтың нүктесін қойды.

Естеріңізге сала кетейік, қарымта матч 10 наурызда Парижде (Франция) өтеді.

"РБ Лейпциг" Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы матчында "Ливерпульмен" кездесті. Кездесу бейтарап стадионда өтті - Будапешттегі "Пушкаш Арена" (Венгрия). Матч 2:0 есебімен англиялық клубтың пайдасына шешілді.

Бірінші таймда "Ливерпульде" басымдық танытты. Юрген Клопптың шәкірттерінде үш қауіпті мүмкіндік болды, бірақ оларды голға айналдыра алмады. 53-минутта Мохамед Салах алғашқы голды соқты, 58-минутта Садио Мане есепті еселеді. Матчтың соңғы бөлігінде нәтижені сақтау үшін "Ливерпуль" қорғаныста ойнады, бірақ "РБ Лейпциг" қанша шабуыл жасаса да, мерсисайдтық клубтың қорғанысын бұза алмады.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауапты ойыны 10 наурызда "Энфилдте"(Ливерпуль) өтеді.


 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!