Бундеслигадағы матчта алғаш рет әйел адам төрелік етті

22:59, 10 қыркүйек 2017
376

Германияның Бундеслигасында өткен футбол матчына алғаш рет әйел адам төрелік етті.

Мұнда неміс чемпионатының «Герта» мен «Вердер» командалары арасындағы кездесуге 38 жастағы Бибиана Штайнхаус қызмет көрсетіп, ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Бүкіл матч бойына Штайнхаус «Гертаның» жартылай шабуылшысы Пер Шелбредке ғана сары қағаз көрсетті. 

@Bundesliga_DE

Аударған: Г.Абилова

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!