Бүгін сағат 18.30-да тікелей эфирде «Астана арландары» «Өзбек жолбарыстарымен» жекпе-жекке шығады

10:14, 18 ақпан 2017

Талдықорғанда WSB жобасы топтық турнирінің екінші кездесуінде жолығатын «Астана арландары» мен «Өзбек жолбарыстары» арасындағы жекпе-жекке қатысатын боксшылар салмақ өлшеді.

«Бізді керекмет бокс кеші күтіп тұр. Екі бірдей мықты команданың өнерін көреміз. «Астана арландары» Бүкіләлемдік бокс сериясында екі рет топ жарса, Өзбекстан командалық есепте бірінші орын алып, Олимпиадада керемет көрсеткішке қол жеткізді», – дейді жекпе-жек кешінің алдында супервайзер Рэй Силвас.

Сондақ -ақ баспасөз жиыны барысында алдағы кездесу туралы «арландардың» бапкері Нұрлан Ақүрпеков те өз ойымен бөлісті. 

«Біздің жігіттеріміз халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері. Команда қатарында Қазақстан чемпиондары, жүлдегерлері және халықаралық турнирлердің жеңімпазы бар. Одан бөлек, Олимпиадада өнер көрсеткен Олжас Сәттібаев ертең шаршы алаңға шығады. Өзбекстан құрамасын Олимпиадада сәтті өнер көрсетуімен құттықтаймын. Бірақ ертең біздің боксшылар тек жеңіс үшін шаршы алаңға шығады», – дейді бапкер. 

«Өзбек жолбарыстарының» бапкері Тулкин Киличев болса өз кезегінде Қазақстанға ең мықты спортышларын алып тек жеңіс үшін келгенін айтып өтті. 

«Қазақстанға қайта келгенімізге қуаныштымыз. Бізді бұл жерде үнемі жылы қабылдайды. Ертең менің шәкірттерім өздерін жақсы көрсетеді деп ойлаймын. Біз «арландарға» қарсы ең мықты боксшыларымызды алып келдік», – дейді Куличев. 

«Астана арландары» мен «Өзбек жолбарыстары» арасындағы жекпе-жекке шығатын боксшылардың тізімі:

52 келі: Олжас Сәттібаев -  Аброржон Кодиров

60 келі: Зәкір Сафиуллин - Муроджон Ахмадалиев

69 келі: Асланбек Шымбергенов - Шахрам Гиясов

81 келі: Нұрдәулет Жарманов - Бектемир Меликузиев

91 келіден жоғары: Қамшыбек Қоңқабаев - Баходир Жалолов

Еске салайық, «Астана арландары» мен «Өзбек жолбарыстары» арасындағы кездесу бүгін Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде өтеді. Жекпе-жектің тікелей көрсетілімін «Хабар» арнасынан сағат 18:30-да көре аласыздар.  

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!