Бүгін 17:30-да «Хабар» арнасы «Аstana Arlans»-«China Dragons» жекпе-жегін көрсетеді

09:00, 22 сәуір 2017

Бүгін Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында (WSB) топтық кезеңінде «Астана Арланс» және қытайлық «China Dragons» құрамаларының арасында жекпе-жек өтеді.

«Астана арландары» қазір Қытайдың Санья қаласында жаттығуларын пысықтауда. Қазақстандық спортшыларымыз Музапаров Анвар (52 келі), Сафиуллин Закир (60 келі), Шымбергенов Асланбек (69 келі), Рысбек Арман (81 келі), Букаев Олжас (91 келі) салмақта өнер көрсететін болады. Естеріңізге сала кетейік, «Астана Арланс» бұған дейін «Қытай айдаһарларымен» Атырау қаласында кездесіп, жеңіске жеткен еді. «Хабар» телеарнасы Хайнань аралынан ТІКЕЛЕЙ эфирде арландар мен айдаһарлардың жекпе-жегін ұсынбақ. Кім мықты? Мұны 22 сәуірде сағат 17.30-да арнамыздың тікелей эфирінен көрсетілетін жекпе-жектен көре аласыздар! Қапы қалмаңыздар!

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!