Бокстан АЧ-2024: Орақбаева мен Сәттібаева қола медаль иеленді

14:31, 7 желтоқсан 2024

© Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Таиланд корольдігінің Чианг Май қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жазира Орақбаева қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жазира Орақбаева 52 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Феруза Казаковамен тартысқа түсті.

Төрешілер үш раунд бойы өзбекстандық боксшы басым болды деп санады. Қорытынды есеп: 5:0.

Осылайша, бүгін шаршы алаңға шыққан қос отандасымыз өзбекстандық боксшыларға жол берді.

Бұған дейін Әйгерім Сәттібаева 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Фарзона Фозиловамен өзара бақ сынасты. Жеңіс өзбекстандық спортшы еншісінде. Есеп: 4:1.

Айта кетсек, 7 желтоқсанда бокстан Азия чемпионатында тоғыз спортшымыз финалға шығу үшін бақтарын сынайтынын жазған болатынбыз.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!