Бокстан АЧ-2024: Финалда Қазақстан құрамасының намысын бес боксшы қорғайтын болды

19:07, 7 желтоқсан 2024

© Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Таиландтың Чианг Май қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында Гүлсая Ержан да қарсыласын жеңіп, алтын медальға таласу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гүлсая Ержан (81 кг) жартылай финалда өзбекстандық Сохиба Рузметовадан 5:0 есебімен екі раундта да айқын басым түсті. Қорытынды есеп: 4:1. Осылайша Гүлсая Ержан да алтынға таласу мүмкіндігіне ие болды.

Бұған дейін Виктория Графеева мен Аида Әбікееваның финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Наталья Богданова - осы чемпионатта бүгін финалға шыққан үшінші жерлесіміз. Гүлсая, сондай-ақ автоматты түрде финалға шыққан тағы бір спортшымен бірге финалда Қазақстан құрамасының намысын бес боксшы қорғайтын болады.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!