Бокс: М.Әшкеев Boxrec рейтингісінде 56 сатыға көтерілді

10:39, 17 сәуір 2017

Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев бірінші орта салмақта Boxrec рейтингісінде көтерілді. 

Америкалық Шон Кэмеронды жеңген Мадияр бірден 56 орынды артқа қалдырып, 106-шы сатыға табан тіреді. 

Естеріңізде болса, ол Анкасвиллдегі бокс кешінде Кэмеронды жетінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Бұл оның сегізінші жеңісі және төртінші нокауты болатын. 

М.Әшкеев кәсіпқой бокста қарсыласының бәрін ұтып келеді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!