Бокс: Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы ауысты

13:19, 12 сәуір 2017

15 сәуір күні АҚШ-тың Коннектикут штатының Анкасвилл қаласында 23 жастағы отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов (1-0) кәсіпқой бокстағы өзінің екінші жекпе-жегін өткізеді.

Бастапқыда оның қарсыласы америкалық боксшы Обафеми Бакаре (3-1) болу керек еді. Бірақ бүгін Бакаренің бұл кездесуге қатыса алмайтыны белгілі болды. 

Осылайша жекпе-жек кешін ұйымдастырушылар Мейірім Нұрсұлтановқа басқа қарсылас тауып берді. Ол мексикалық – Хавьер Ольвера (1-0, 1 КО). 

Сонымен қатар бұл бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (7-0, 3КО) шаршы алаңға шығады. Ол 8 раундтық жекпе-жекте жергілікті боксшы Шон Кэмеромен (10-2, 5 КО) жұдырықтасады. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!