Бокс: Айдос Ербосынұлы кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

12:45, 24 наурыз 2017

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы кәсіпқой рингте бесінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті.

Жекпе-жек АҚШ-тың Нью-Джерси қаласында өтті. Қазақстандық боксшының қарсыласы 24 жастағы америкалық Риарус Дадли болды. 

Америкалық боксшы кәсіпқой рингте былтыр Шыңғысхан Тәжібайдан алғаш жеңіліс тапқан екен.

Ербосынұлы қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен ұтты. Бұл қазақстандық боксшының АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі. 

2015 жылы Ербосынұлы Украинада екі жекпе-жек, 2016 жылы Қазақстанда екі жекпе-жек өткізіп, барлығында уақытынан бұрын аяқтаған.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!