Бекман Сойлыбаев WBC International тұжырымы бойынша чемпиондық атақты қорғады

23:00, 20 қазан 2017
511

Қазақ боксшымыз Бекман Сойлыбаев 12-кездесуін жеңіспен аяқтады. АҚШ-тың Лас Вегас қаласында өткен жекпе-жекте жерлесіміз екінші жартылай жеңіл салмақта WBC International тұжырымы бойынша чемпиондық атағын корғап қалды.

Қарсыласы - тәжірибелі мексикалық Фернандо Варгасты, 10 раундтың қорытындысы бойынша, ұпай санымен жеңді. Кеш, АҚШ-та ESPN арнасы арқылы, төрткүл дүниеге таратылды. Ал «Хабар» арнасының көрермендері,  тікелей эфирде, тамашалауға мүмкіндік алды.

Источник: khabar.kz


Пікір