Бекман Сойлыбаев әлемдегі елу үздік боксшының қатарына кірді

14:27, 22 қазан 2017

Лас-Вегаста WBC International чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев Boxrec рейтингі бойынша екінші жартылай жеңіл салмақта әлемдегі үздік 50 боксшының қатарына енді.

Бұған дейін Бекман Сойлыбаев Boxrec рейтингінің екінші жартылай жеңіл салмағында 83-орында тұрған болатын. Кешегі жеңіс жерлесімізді бірден 34 сатыға жоғары көтерді. Енді ол 49-орында.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қазанда Golden Boy Promotion ұйымдастырған Лас-Вегастағы кәсіпқой бокс кешінде жерлесіміз Бекман Сойлыбаев мексикалық Фернандо Варгаспен жұдырықтасып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен болатын. Бұл – оның кәсіпқой шаршы алаңдағы 12-ші айқасы. Барлығында жеңіске жеткен.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!