«Барыс» клубының үздік шабуылшысы үйленді

15:44, 9 қараша 2021

© Сурет: instagram/nikitamikhailis

"Барыс" шабуылшысы Никита Михайлис ҚХЛ-дағы апталық үзіліс кезінде үйленіп, тойын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 жастағы хоккейшінің таңдауы –Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Кристина Дерменева. Жас келін әйелдер киімін тігумен айналысады. Спортшы үйлену тойына ерекше киініп келді.

Никита Михайлис ҚХЛ-дың осы маусымында "Барыстың" үздік сұрмергені. Шабуылшы чемпионатта 30 (13+17) ұпай жинап, бомбардирлер тізімінде үшінші орында келеді.

Халықаралық үзілісте "Барыс" 24 ұпаймен ҚХЛ Шығыс конференциясының кестесінде оныншы орында тұр.

16 қарашада Юрий Михайлистің шәкірттері сырт алаңда "Барыстың" бұрынғы бапкері Андрей Назаров баптайтын "Сочи" клубымен ойнайтын болады.

Дайана Тоқберген

 


 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!