«Барыс» ҚХЛ-дің плей-офф кезеңіне шықты

08:40, 31 қаңтар 2020

Нұр-Сұлтанның "Барыс" хоккей клубы ресми түрде Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 2019/20 маусымындағы плей-офф кезеңіне шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Барыс" кеше "Нефтехимикті" 2:1 есебімен ұтты. Ал қытайдың "Куньлунь" клубы челябинсктің "Тракторынан" 1:3 есебімен ұтылды. Осылайша Андрей Скабела шәкірттері Гагарин кубогына қатысуын қамтамасыз етті.

54 матчтан кейін 71 ұпай жиған "Барыс" Шығыс конференциясында үшінші келеді. Енді тіпті қалған сегіз ойынның бәрінде жеңіліп қалған жағдайда да Скабелканың ұжымы үздік сегіздіктен түсіп қалмайды.

Барыс ҚХЛ плей-оффына қатысуын қамтамасыз еткен жетінші команда болып отыр. Бұған дейін Шығыс конференциясында Гагарин кубогына қатысуын Қазанның "Ак Барсы" мен Омбының "Авангарды", ал "Батыста" плей-офф кезеңіне мәскеулік ЦСКА, санкт-петербургтік СКА, финнің "Йокериті" және мәскеулік "Динамо" қамтамасыз етіп қойған.

ҚХЛ-дің плей-офф кезеңінен үмітін әбден үзген жалғыз клуб бар әзірге, – ол "Батыста" ең соңғы, 12-ші орында тұрған Минскінің "Динамосы".

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!