БАҚ: Ешкім Головкин сияқты бола алмайды

12:50, 25 маусым 2017

Танымал Instagram Boxing Inside View қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) жаттығу барысындағы жұмыстарын көріп, оған жоғары баға берді.

«Головкин – бар ынта-жігерімен еңбектенетін кәсіпқой боксшылардың бірі. Көпшілік оған еліктегісі келеді, алайда ешкім ол сияқты бола алмайды», – деп жазды Boxing Inside View. 

Геннадий өзінің келесі жекпе-жегін 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өткізеді. Оның қарсыласы – мексикалық Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО). 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!