Australian Open: Путинцева жарыс жолынан шығып қалды

10:28, 19 қаңтар 2017

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шыға алмады.

Екінші кезеңде Юлия латвиялық Елена Остапенкоға жол берді – 3:6, 1:6.

Естеріңізге сала кетсек, бірінші айналымда Путинцева испан теннисшісі Лара Аррубарренаны 7:6, 7:6 есебімен ұтқан болатын.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!