Australia open: Өзбек теннисшісі Джоковичті жарыстан тайдырды

16:04, 19 қаңтар 2017

Австралия ашық чемпионатында сербиялық Новак Джокович пен өзбекстандық Денис Истомин кездесті. 

Australia open жарысының 1/32 финалында өзбекстандық Денис Истомин әйгілі Новак Джоковичті Rod Laver аренасында ұтып, бүгінгі күннің басты сенсациясын жасады. 

Аталмыш ойын 5 сетке созылды. Нәтижесінде 3:2 (7:6, 5:7, 2:6, 7:6, 6:4) есебімен өзбекстандық Истомин әлемнің 2-ші ракеткасын кутпеген жерден жарыс жолынан шығарып тастады.

Айта кетейік, сербиялық Новак Джокович Австралия ашық чемпионатының 6 дүркін жеңімпазы.

Дереккөз: prosports.kz

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!