Астанада теннистен қысқы чемпионат өтеді

14:38, 12 қаңтар 2017
301

Астанадағы Ұлттық теннис орталығында қаңтардың 16-сы мен 20-сы аралығында үлкен теннистен ересектер арасындағы ҚР Қысқы чемпионаты өтеді.

Турнирге Қазақстанның барлық аймағынан келетін үздік теннисшілер қатысады. Чемпионат жеке және жұптық бәсекеде әйелдер мен ерлер арасында болады.

Қысқы турнирді Қазақстанның теннис федерациясы ұйымдастырады.

Кіру – тегін.

16 қаңтар күні сағат 09:00-де жарыстың ашылу салатанаты болады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!