Астанада өткен футбол турнирінде «Хабар» тілшілері топ жарды

17:21, 25 наурыз 2017

Қазақстан Ішкі істер министірлігінің күзет полициясы басқармасы шағын футболдан турнир ұйымдастырды. Осы сында республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің командалары тартысты турнир жасады.

Қатысушы 8 команда төрт төрттен екі топқа бөлініп, алдымен іріктеу сындарынан өтті. Шешуші кезеңде сүрінбеген «Хабар» теларнасының командасы жарыстың ұйымдастырушыларымен ақтық сында кездесті. 

Нәтижесінде 5-3 есебімен әріптестеріміз басым түсті. Естеріңізге сала кетсек, «Хабар» арнасының жігіттері жақында ғана БАҚ-лига додасында топ жарған болатын.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!