«Астана»-«Селтик» матчы елордадағы Арбатта тікелей эфирде көрсетіледі

07:14, 14 тамыз 2017

16 тамыз сағат 00:45-те жазғы кинотеатрда елордалық «Астана» мен шотландиялық «Селтик» футбол клубтарының арасында өтетін ойынды тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл туралы Сарыарқа аудандық әкімдігі Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. 

Еске сала кетсек, осы маусымдағы УЕФА Чемпиондар Лигасында елордалық клуб латвиялық «Спартак» (1:0, 1:1) пен польшалық «Легиядан» (3:1, 0-1) сүрінбей өтті. Ал «Селтик» болса, Солтүстік Ирландияның «Линфилд» (2:0, 4:0) пен норвегиялық «Русенборг» (0:0, 1:0) клубтарынан басым түсті. Енді Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алу үшін осы екі ұжым күш сынаспақ. Сарыарқа аудандық әкімдігі барлық футбол жанкүйерлерін өз командасына қолдау көрсету үшін Арбатқа шақырды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!