Астана қаласында ММА спортынан V Әлем чемпионаты өтеді

23:38, 19 қыркүйек 2017

5-6 қазан аралығында дүниежүзілік ММА қауымдастығы (WMMAA) нұсқалары бойынша ММА спорт түрінен байрақты бәсеке Әлем чемпионаты өтетін болды.

Әуесқойлар мен әйелдер арасында өтетін жекпе-жекте әлемнің 30 елінен 100 спортшы бақ сынайды. Бұл дода елімізде алғаш рет жалауын көтеріп отыр.

Айта кетейік, 2016 жылы дәл осы турнир Қытайдың Макао қаласында өткен болатын.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!