«Astana EXPO 2017 International Criterium» кәсіби шоссейлік веложарысының жеңімпаздары анықталды

20:10, 12 тамыз 2017
259

Ұлыбританиялық Эдвард Клэнси «Astana EXPO 2017 International Criterium» кәсіби шоссейлік веложарысының жеңімпазы атанды.

Онымен бірге «Астана» командасының мүшесі Бақтияр Қожатаев Азияның ең үздік жарысшысы атанды. Жарыс көрме аясында өткізілді, деп хабарланды елордалық әкімдіктің медиа орталығы.

Жарысқа әлемнің 5 ұлттық құрамасынан 15 кәсіби команда қатысты, оның ішінде Гранд-турлардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, веложарыстан Олимпиада медалистері өнер көрсетті.

«Тур де Франс» жеңімпаздары Крис Фрум, Микель Ланда, Наиро Кинтана, сондай-ақ «Astana ProTeam» командасының көшбасшысы Фабио Ару жарыс хедлайнерлері атанды. Жарыс ЕХРО 2017 аумағынан басталды. Әрі қарай бағыт «Бәйтерек» монументі алаңы бойынша жалғасты, спортшылар Түркістан, Достық, Ақмешіт және Қонаев көшелері бойынша 1,6 шақырымнан 30-35 рет айналып шықты.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!