«Astana Arlans» Бүкіләлемдік бокс сериясының тобында бірінші орын алды

20:09, 22 сәуір 2017

Ресейлік «Patriot Boxing Team» командасының арқасында қазақстандық «Astana Arlans» клубы Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) тобында 1-орын алды.

«Patriot Boxing Team» Пермьде 3:2 есебімен «Uzbek Tigers» командасын жеңген. Өзбекстандық боксшылардың жеңілісінен соң, «Арландар» автоматты түрде топта бірінші орын алып, плэй-оффқа өтті. 

Осылайша, «China Dragons» — «Astana Arlans» жекпе-жегі турнир кестесінде ешқандай өзгеріс алып келмейді. «Astana Arlans» пен «Patriot Boxing Team» келесі кезеңге жолдама алса, «Uzbek Tigers» пен «China Dragons» жарыс жолынан шығып қалды.

«China Dragons» — «Astana Arlans» арасында өткен жекпе-жектің толық нұсқасы ОСЫНДА

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!