Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңінде жетінші орын алды

11:53, 1 желтоқсан 2024

© Сурет: olympic.kz

Финляндияның Рука қаласында фристайл-могулдан әлем кубогының алғашқы кезеңі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтар арасындағы үздік нәтижені Анастасия Городко көрсетті. Спортшы жарысты жетінші орынмен аяқтады.

Одан кейін Юлия Галышева орналасса, Аяулым Әмренова 12-орынға табан тіреді.

Ерлер арасындағы жарыста Павел Колмаков 21-орынға, Фёдор Бугаков 32-орынға, ал Антон Бондарев 38-орынға ие болды.

 

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!