«Алтын жебе» халықаралық турнирінің жеңімпаздары анықталды

10:32, 14 тамыз 2017

Қазақ елінде тұңғыш ұйымдастырылған  «Алтын жебе» турнирі үш кезең:  шапшаң ату, қалқан ату және жамбы атудан тұрады.

Айта кетер жайт, жамбы ату – қазақ халқында кең тараған мергендік сынның бір түрі. Атпен шауып келе жатып жігіттер екпінін бәсеңдетпестен, құрулы бақан үстіндегі нысананы атып құлатуы тиіс. Ереже бойынша спортшылар сөреде өз сәйгүліктерінің жанында болады. Төреші белгі берісімен олар аттарын тез ерттеп, шаба жөнеліп, жолындағы нысаналарды атып құлатулары керек.  Жарысқа 10-нан астам елден келген сұрмергендер қатысуда.

Біздің елден «Алтын жебеде» бес спортшы бақ сынады. 

Белгілі болғадай, 1-орынды Румыниядан келген Михай Кузми алып, 2 млн теңгені қанжығасына байлады. 2-орын мен 1 млн теңге қазақстандық спортшы Сарыбай Айтбектің еншісіне бұйырды. 3-орын және 700 мың теңгені Айкөз Ералған иеленді. Төртінші орын мен 400 мың теңге Мажарстаннан келген Немоти Кристоф Арпадқа бұйырды. Бестікті Малайзия спортшысы Мұхамед Акмал бин Мохамед Дакалан түйіндеді. Оған 200 мың теңге бұйырды.

egemen

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!