Алматының «Қайраты» «Карабахтан» жеңіліп қалды

10:35, 22 қазан 2021

© Сурет: видеодан кадр

Алматының "Қайраты" Конференция лигасының үшінші турында "Карабахпен" кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бакудегі Тофик Бахрамов атындағы Олимпиадалық стадионда өткен матч 2:1 есебімен әзірбайжандық клубтың пайдасына шешілді, дейді aladop.kz.

Ойынның 19-минутында "Қайрат" шабуылшысы Хосе Канте пенальтиді сәтті орындап, командасын алға шығарды.

Бірақ 70-минутта алаңға шыққан Рамиль Шейдаев тоғыз минуттан кейін таразы басын теңестіріп кетті, ал 91-минутта Аббас Гусейнов жеңісті голдың авторы атынды.

"Карабах" бұл жеңістен кейін 7 ұпаймен Н тобында көш бастады. Құрбан Бердыев шәкірттері бір ұпаймен үшінші орында қала берді.


 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!