Алматыда 15 жасар оқушының өліміне қатысты тың дерек шықты

17:24, 7 қараша 2019
19575

Алматыда спорттық жаттығу кезінде көз жұмған 15 жасар оқушы Қазақ спорт және туризм академиясында баскетбол секциясына қатысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

 

"Бұл факт, өкінішке орай, оқу-жаттығу сабағында орын алды", - деді академияның бірінші проректоры Мұхтар Есқалиев.

 

Бала мұнда баскетбол секциясына қатысқан. Олар спортзалдың бір бөлігінде үш-үштен екіге жарылып, баскетбол ойнап жүрген. Сол кезде бала өзін жайсыз сезініп, шетке шыққанда жерге құлаған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді, бірақ ол қайтыс болды.

Есқалиев бұл топтағы балалардан ешқашан спорттық ауыр жүктемелер талап етілмегенін айтады. Өйткені бұл бөлім кәсіби деңгейдегілер емес, сондықтан оларға сауықтыру жаттығулары қолдалынады.

Барлық мән-жай анықталғанша бұл топтың бапкері жұмысынан шеттетілген. Ол - 10 жылдан астам тәжірибесі бар, жоғары білімді оқытушы, PhD докторы.

Қазір бұл факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!