Алексей Полторанин Әлем кубогында алтыншы орынға ие болды

09:13, 20 ақпан 2017

Эстонияның Отепия қаласында өтіп жатқан шаңғы спортынан Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшы Алексей Полторанин 15 шақырымдық классикалық әдіспен жүгіруде алтыншы болып келді. Бұл сында жерлестерімізден Полтораниннен өзге  Виталий Пихало 44-ші, Олжас Климин 50-ші, Денис Волотка 53-ші, Евгений Величко 56-шы орындарды иеленді.

Жалпы сайысқа 82 шаңғышы қатысқан болатын. Бұл жарыста бас жүлдені Норвегия спортшысы Мартин Йонсруд Сундбю жеңіп алды. Ол екінші орын алған Фин Ийво Нисканеннен 37,1 секундқа озып кетті. Үздік үштікті тағы бір норвегиялық  Ханс Холлунд тұйықтады.

Естеріңізге сала кетейік, 22 ақпан күні Финляндияның Лахти қаласында шаңғы спортынан Әлем чемпионаты өтеді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!