Александр Кочергин шахматтың жаңа түрін ойлап тапты

20:15, 11 қаңтар 2017

Король, ханзада мен ханшайым. Бұл ертегі кейіпкерлері емес. Өскемендік шахматшы Александр Кочергиннің ойлап тапқан ақыл-ой спортының жаңа түрі.

«100 торлы дойбы» деп аталатын инновациялық жоба жаңа фигураларымен ерекшеленеді. Өнертапқыштың идеясы белгілі гроссмейстерлердің қызығушылығын тудырған.

Александр Кочергинді қазақстандықтар енді білікті гроссмейстер ретінде ғана емес, шахматтың 28-ші түрін ойлап тапқан өнертапқыш ретінде де таниды. Шахматтан еліміздің 9 мәрте чемпионы тиянақтылығымен де ерекше көзге түседі.

Александр Кочергин, гроссмейстер

-Спорттық радиопеленгеция, бір сөзбен айтқанда шахмат. Шахматта қателесуге болмайды. Бір жүрістен қате кетті ме болды. Өте мұқият болуды қажет ететін спорт түрі. 

Король тақтан кетсе, оның орнын ұрпағы басады. Идея авторы ойлап тапқан шахматтың жаңа түрінде 100 тордан бөлек, қосымша екі фигура бар. Жаңа ереже бойынша «Мат»-қа душар болған ойыншы корольдің орнына ханзаданы, не ханшаны қойып, ойынды классикалық түрде жалғастыруына болады. 

Бүгінде өнертапқыштың жаңа жобасы патенттелді. Оның ойлап тапқан жаңа ойынына, тіпті дүниежүзінің шахматшылары да қызығушылық танытып отыр екен.

Ермек Түтенов, шахматтан Спорт шеберлігіне үміткер

-Бұл шахматтар ресейліктерге, өзге де халықаралық деңгейдегі гроссмейстерлерге ұнады. Бұл шахматтар олардың қызығушылығын тудырғаны сөзсіз. Жаңа фигуралар жаңа стратегияға жол ашты.

Ал өскемендік өрендер «100 торлы» дойбыдан халықаралық турнирге дайындықты бастап кетті.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Дмитрий Пыхтин

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!