Алан Құрманғалиев жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліс тапты
© Сурет: olympic.kz
Үстел теннисінен Хельсинборг қаласында (Швеция) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Алан Құрманғалиев 1/8 финалдық матчта жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл кезеңде Құрманғалиевтің қарсыласы неміс спортшысы Андре Бертельсмайер болды. Кездесу 4:1 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, 17 жастағы Алан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер санатында өнер көрсетті.
1/16 финалда Құрманғалиев Камерундық Юлан Батиксты 4:3 есебімен жеңіп, жарысты жалғастырған еді.
Сонымен қатар, ол жұптық сайыстарда да бақ сынады. Төменде оның нәтижелері көрсетілген:
Жұптық сайыс, 1/8 финал
Алан Құрманғалиев/Вассим Эсид (Қазақстан/Тунис) - Флавьен Котон/Натан Лам (Франция) 1:3.
Аралас жұптық сайыс, 1/16 финал
Алан Құрманғалиев/Вонг Хой Тунг (Қазақстан/Гонконг) - Исак Альфредссон/Агнес Свенссон (Швеция) 2:3.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:55, 29 қараша 2024
АЧ-2024: Жарыс бастала салысымен Қазақстан боксшылары алты медальға таласу құқығына ие болды
-
12:52, 29 қараша 2024
Қазақстанды Олимпиада медалінен айырған балуан спорттан шеттетілді
-
23:12, 28 қараша 2024
Қазақстан құрамасы Португалиядағы WTT Feeder турнирін аяқтады
-
22:46, 28 қараша 2024
Конференция лигасы: «Астана» португалиялық «Витория» командасымен тең түсті
-
22:11, 28 қараша 2024
Шаңғы жарысы: Финляндияда өтетін әлем чемпионаты кубогына кімдер қатысады