Ақтауда желкенді кемелер жарысы басталды

11:11, 11 қыркүйек 2017
1458

Ақтауда «Каспий – достық теңізі» атты халықаралық желкенді кемелер жарысы басталды.

Турнирге Қазақстан, Ресей, Украина мен Израильден келген 150 спортшы қатысып жатыр. Үрмелі желкенді кемелер сайысы елімізде алғаш рет өтуде. Турнир бағдарламасына сәйкес, 5 шақырымнан бастап 50, 100 шақырымға дейінгі жарыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар спортшылар «үшбұрышты» қашықтық бойынша да өзара мықтыны анықтамақ. Сайыс қорытындысы апта соңында белгілі болады.

Турнир аясында жағалауда катамарандар көрмесі өтеді. Жұртшылық көліктің жүк салғышына сыйып кететін немесе балконға қоюға ыңғайлы озық үлгідегі су көліктерімен таныса алады.

Бақытжан Оразбаев, Алматы облыстық туризм басқармасының бөлiм басшысы:

-14 адам, Алматы облысының командасы, 5 су құралдарымен жарысқа қатысып отырмыз. Біздің балаларымыз жетістікке жетіп жатыр. Новосибирск қаласының маңындағы теңіз жарысының 1-2 орын жеңімпазымыз. Біздің командаларымыз жарысқа дайын. 1-ші орын аламыз ба деп жоспарлап отырмыз.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!