Академиялық есу мектебі 19 жылдан соң қайта ашылды

23:44, 17 тамыз 2017
428

Ертіс өңіріндегі Академиялық есу мектебі 19 жылдан кейін қайта ашылды.

Мектеп қаржы тапшылығына байланысты жабылған. Олимпиадалық дәрежедегі нысанды қайта ашуға қала бюджетінен 67 млн-нан астам теңге жұмсалған. Оқушылардың жаттығуына арналған катерлер, 12 қайық, 6 арнайы жаттығу құралы сатып алынған. Өзен жағасында құрал-жабдықтарды күтіп-сақтайтын орын да бар. Болашақта аумағы 3 300 шаршы метр болатын спорт қалашығы да бой көтермек. Сонымен қатар гольф алаңы, триатлон мен биатлонға арналған трассалар салынады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!