Айна Теміртасова еркін күрестен Азия чемпионы атанды

23:15, 17 маусым 2017

Тайпейдің Тайчунг қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Бұған дейін грек-рим күрес шеберлері екі күміс, үш қола медаль еншілеп, жалпы есепте екінші орында аяқтаған еді. Бүгін еркін күрес шеберлері мен жас аруларымыз сайысқа түсті. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Жас аруымыз Айна Теміртасова (63 кг) финалдық бәсекеге жолдама алып, жапониялық спортшымен күш сынасты. Финалда жерлесімз Мисузу Енамотоны тізе бүктірді. Қорытынды есеп 5:3. Ойын қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.

Осылайша, күрес түрлерінен жастар арасындағы құрлық чемпионатында алғашқы алтын медальды Айна Теміртасова еншіледі.

Естеріңізге салайық, жерлесіміз Дархан Қалкенов (50 кг) Азия чемпинатының күміс жүлдегері атанған еді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!