12 сәуірде футболдан ел премьер-лигасының VI тур ойындары өтеді
Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы Шымкентте «Ордабасымен» кездеседі. Қос команда арасын бір ұпай ғана бөліп тұр.
«Ордабасы» соңғы екі ойында жеңіліс тапса, «Қайсар» маусымда әлі ұтылған жоқ. Ойын Астана уақытымен сағат 15.00-де басталады.
Өткен маусымда ел чемпионы атанған «Астана» «Ақтөбемен» ойнайды. «Астана Аренаның» жөндеу жұмыстарына байланысты елордалық команда өз ойынын «Тарлан Аренада» өткізеді. Ойын Астана уақытымен сағат 15.00-де басталады.
Кеше ғана бас жаттықтырушысыз қалған «Атырау» өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасымен кездеседі.
Батысқазақстандық клубтың жаттықтырушысы Зоран Вулич отбасылық жағдайына байланысты қызметінен кетті. «Атырау» - «Шахтер» кездесуі Астана уақытымен сағат 16.00-де басталады.
Алматының «Қайрат» футбол клубы Қостанайда «Тобылмен» ойнайды. Бұл кездесу Астана уақытымен сағат 17.30-да басталады.
Оралдың «Ақжайық» футбол клубы өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесімен» 3 ұпайға таласады. Ойын Астана уақытымен сағат 18.00-ге жоспарланған.
Павлодарда «Ертіс» пен «Тараз» ойнайды. Ойын кешкі сағат 19.00-де басталады. Өткен турда екі команда да жеңіске жеткен болатын.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:12, 15 маусым 2023
Александр Недовесов Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты
-
17:49, 9 қаңтар 2023
Месси мен Роналду бір-біріне қарсы ойнайды
-
23:49, 25 қараша 2022
Айдос Ербосынұлы қиын-қыстау сәтте өзіне тілекші болған баршаға сәлем жолдады
-
00:11, 4 қараша 2022
Ринат Жұмабаев шахматтан Азия чемпионы атанды
-
23:50, 3 қараша 2022
Бокстан АЧ-2022: Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды