Үкімет отырысында Алматыда өтетін Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық барысын қарастырады

09:14, 17 қаңтар 2017
414

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – Алматы қаласында өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017ге дайындық барысы және отандық кинематографияны дамытудың басым бағыттары, деп хабарлады primeminister.kz.

Отырыс қорытындысы бойынша мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы мен мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!