Шетелдік сарапшылар: Әуежайға Елбасы есімінің берілуі – лайықты шешім

21:06, 21 маусым 2017
472

Әлемде Мемлекеттің дамуына ерекше үлес қосқан белгілі тұлғалар есімін маңызды нысандарға беру дәстүрі бұрыннан қалыптасқан.

Өйткені осы есім арқылы елдің тарихи бейнесі айшықталатыны хақ. Ал кез келген елді танытатын орын ол – әуежай. Сондықтан қазақ елінің бас әуе қақпасына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілуі заңды құбылыс деп есептейді шетелдік сарапшылар.

Фахри Солақ, Түркі әлемінің муниципалитеттер одағының төрағасы:

– Бір елдің тарихында өшпес із қалдырған мемлекет және қоғам қайраткерлері, көрнекті тұлғалардың атында жоғары оқу орындары мен ғимараттардың тұрғызылуы – қалыпты жағдай. Қазақстанның елордасы даму қарқыны мен сәулет өнерінің көркемдігімен бүгінгі таңда дүние жүзіне танылып үлгерді. Қаланың бас сәулетшісі Нұрсұлтан Назарбаев екені әмбеге аян. Сол себепті Астана әуежайына қазақ елінің Тұңғыш Президенті есімінің берілуі өте орнықты шешім болы. Өйткені бұл халықтың өз көшбасшысына деген алғысы мен құрметін айғақтап отыр.

Гютнер Кнабе, Орталық Азия елдері бойынша сарапшы:

– Еуразиялық медиа-форумға қатысу үшін Астанаға жол жүрейін деп отырмын. Бұл жолы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға қонады екем. Меніңше, бұл шешім өте орынды. Мысалы, Германиядағы әуежайларға белді саясаткерлердің есімі берілген. Мюнхен әуе торабы Франц Йозеф Штраустың, Дюссельдорф әуе айлағы Йоханнес Раудың, ал Гамбург әуежайы Гельмут Шмидттің есімімен аталады.

Сергей Кащенко, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің тарих институты кафедрасының меңгерушісі:

– Президент Нұрсұлтан Әбішұлы – мұндай құрметке ерекше лайықты тұлға. Әуежайды көрдім, қазіргі заманғы технологиялармен салынған әсем ғимарат. Ел-жұрт келіп-кетіп жататын осындай заманауи әуежайға Қазақстанды алға дамыту үшін бар күшін салып отырған Президенттің есімін берген дұрыс, меніңше, оның ешқандай артықшылығы жоқ.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!