Сенат сайлауына бақылаушыларды аккредиттеу аяқталды

13:38, 23 маусым 2017
317

Орталық сайлау комиссиясы Сенат сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеуді аяқтады.

Жалпы алғанда, Ортсайлауком 172 байқаушыны аккредиттеді, олардың ішінде 106-і – ТМД Миссиясының және 12-і - ШЫҰ Миссиясының, 10-ы – Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің, 5-уі – Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының өкілдері және 16 шет мемлекеттен 39 байқаушы.

Халықаралық байқаушылар ішінде 15 шет мемлекеттің Орталық сайлау органдарының басшылығы, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының, Федералдық Жиналысы  Федерация Кеңесінің, ТМД елдері, түркітілдес мемлекеттердің парламенттерінің депутаттары, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың елшілері және басқа да жоғары лауазымды ресми тұлғалары қатысты.  

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде 15 мемлекеттен шетелдіқ бұқаралық ақпарат құралдарының 116 өкілі аккредиттелді.

Осылайша, алдағы сайлауды байқауды шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен шетелдік БАҚ өкілдерінің 288 байқаушысы жүзеге асыратын болады.

Айта кетейік, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі  Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес шығып қалған мәслихаты  депутатының орнына сайлау 2017 жылғы 30 шілдеге  тағайындалған.

strategy2050.kz

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!